Алматыда суға батқан баланы құтқарған Әлихан Жақсылықтың ерлігі ескерілді
Алматыда суға батқан баланы құтқарған Әлихан Жақсылықтың ерлігі ескерілді. Төтенше жағдайлар министрінің атынан ол арнайы медальмен марапатталды. Әлихан Алматыға жұмыс іздеп барған екен. 27 қазан күні Есентай өзенінің жағасымен өтіп бара жатқанда көмек сұраған кішкентай балалардың даусын естиді. Бірінің өзенге құлап, ағын әкеті бара жатқанын көреді. Қас қағым сәтте, еш ойланбастан Әлихан дереу темір қоршаудан суға секіріп, баланы жағаға алып шығады. Айта кетсек, Әлихан Жақсылық Қызылорда облысының тумасы.«Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша білім алған.
Әлихан Жақсылық, Қызылорда облысының тұрғыны
-Баланы шығарып алғаннан кейін аты-жөнін сұрап үлгермедім. Сол жерден ол бала үйіне қарай жүгірді. Менің білуімше сол жерде ойнап жүріп аяғы тайып кеткен секілді.