Хабар телеарнасы

Қырғызстанда 21 шенеунік тәртіптік жазаға тартылды

Ал қырғыз елінің Созақ ауылында болған қайғылы оқиғаға қатысты 21 шенеунік тәртіптік жазаға тартылды. Алты қызметкер жұмыстан шығарылды. Еске салсақ, 2 мамырда жас манасшылар сайысында балмұздақ тиелген жүк көлігі балаларды баса-көктей өткен. Жүргізуші көлігін төбенің басына қойып, өзі кетіп қалған. 32 адам жарақат алды. Осы оқиғадан кейін президент Садыр Жапаровтың тапсырмасымен арнайы құрылған комиссия тексеру жүргізген. Нәтижесінде сайысты ұйымдастырушылардың қауіпсіздік шараларын қабылдамағаны белгілі болды. Жол қозғалысын реттеуге екі автоинспектор ғана тартылған.