Қазақстан екі халықаралық банктен қарыз алатын болды
Қазақстан 2 халықаралық банктен қарыз алатын болды. Бүгін Мәжіліс депутаттары келісімді ратификациялауға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады. Қарыздың жалпы сомасы шамамен 337 млрд теңге. Еліміз оны Азия Даму банкі және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен алады. Құжатта өтеу мерзімі жеңілдік кезеңін қоса алғанда 15 жыл деп көрсетілген. Үкімет бюджет тапшылығын жабу үшін осы қаражатты алуға бастамашылық жасапты. Мәжіліс депутаттары бүгін сондай-ақ 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын да қарады.