Ақшаны жылыстатуға қарсы жүйе мамандарына арналған семинар өтіп жатыр
Астанада ақшаны жылыстатуға қарсы жүйе мамандарына арналған семинар өтіп жатыр. Бірқатар елден келген қатысушылар стратегиялық талдау жүргізудің заманауи әдістерімен бөлісіп, заңсыз қаражат иемдену және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы жаңа тәжірибені анықтайды. Сондай-ақ іс-шара барысында теориялық білімді тәжірибе жүзінде де қолданып көру көзделген. Үш күндік семинар «Эгмонт» тобының қаржылық барлау бөлімшелерінің озық тәжірибе және көшбасшылық орталығының қолдауымен ұйымдастырылды. Қаржылық мониторингі агенттігі ақшаны жылыстатуға қарсы ұлттық жүйенің әлеуетін, сала мамандарының біліктілігін ұдайы арттыруды жалғастыра береді.
Данат Байбұлов, ҚР Қаржылық мониторингі агенттігінің басқарма басшысы:
-Талдау жүргізетін сарапшыларымыздың тәжірибесі мол. Біз үшін өзге ел мамандарының бұл тұрғыдағы әдіс-тәсілдері қызық. Олардың мәселеге мән беріп қарауы, қолданылатын іс-шарасы маңызды. Бірлесе меңгеріп жатырмыз.