Хабар телеарнасы

Түркі дүниесіне ортақ бизнес платформа құрылды

Түркі дүниесіне ортақ бизнес платформа құрылды. Бүгін Астанада Түркі елдері кәсіпкер әйелдерінің бизнес-форумы өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан және Түркияның 200-ден астам өкілдері қатысты. Дәл осы шарада түркі әлемі елдеріндегі бизнес-әрекетті біріктіру және кеңейту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. «Бұл халықаралық платформа кәсіпкерлерге бірыңғай цифрлық экожүйе қалыптастыруға, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, электронды сауданы тиімді пайдалануға мүмкіндік береді»,–дейді жоба бастамашылары.

Ләззат Рамазанова, Түркі елдерінің кәсіпкер әйелдері кеңесінің төрағасы:

-Бұл маркетплейс емес тек қана, бұл жалпы үлкен цифрлық платформа. Мұның аясында қарапайым бизнесмен де және аяғына нық тұрған бизнесмен де кепілдіктің арқасында өзінің партнерын табуға мүмкіндігі болады және тіркелуден бастап, соңғы контрактіге қол қоюға дейін осы платформа барлығына жауап береді.