Хабар телеарнасы

Мұнай-газ саласындағы әлемдік компаниялар отандық өнімді сатып алуға келісті

Мұнай-газ саласындағы әлемнің алпауыт компаниялары біздің отандық өнімді сатып алуға келісті. Елордада өткен халықаралық семинарда Солтүстік Каспий жобасының операторы мен отандық кәсіпорындар арасында бірнеше келісімдерге қол қойылды. Сәйкесінше, Қашаған кен орнындағы операциялық қызметтерді жүргізу үшін жергілікті өндірушілердің тауарлары сатып алынатын болды. Қара алтынды өндіріп отырған алпауыттар алдына мұнай-газ саласына қатысы бар кәсіпкерлердің өнімдері ұсынылды. Мұнда жарық диодты шамдардан бастап, мұнайшылардың арнайы киімдері және түрлі құрал-жабдықтар қойылды. «Жиынның мақсаты –  отандық өндірушілердің мұнай-газ саласындағы ірі жобаларға қатысуын кеңейту және отандық бизнесті қолдау»,– дейді ұйымдастырушылар.

Айдос Қолдасов, Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағының бас директоры:

-Осындай платформалар арқылы әріптестерімізбен бірге әрі қарай олардың продукцияларын қарастыруға біз өзіміздің тарапымыздан ұсыныс береміз және де алдағы уақытта да барлық жағынан қосымша мемлекеттік қолдауды қарастыруға біз атсалысатын боламыз.