Алматы әуежайы 10 миллионыншы жолаушыны қарсы алды
Алматы халықаралық әуежайы 10 миллионыншы жолаушыны қарсы алды. Қала тұрғыны Шолпан Садықова «Шымкент-Алматы» бағыты рейсімен ұшып келді. Алматы халықаралық әуежайын басқаратын компания атынан оған шетелге саяхат жасау үшін екі жолдама берілді.
Соңғы үш жылда Алматыға ұшатын авиакомпаниялар саны артты. Биылғы тоғыз айда жолаушылар ағыны 8,5 миллион адамға жетті. Бүгін міне, 10 миллиондық межені бағындырып отыр. Жаңа халықаралық жолаушылар терминалының іске қосылуымен әуежайдың өткізу қабілеті 14 миллион жолаушыға дейін көбейді.
Шолпан Садықова, Алматы қаласының тұрғыны:
- Әке-шешемді Сарыағашқа демалуға апарып қайтып келгенмін. Осындай тосынсыйды күтпеген едім. Көп рақмет!