Ұлытау облысында бейнекамералар саны көбейеді
Ұлытау облысында тұрғындар қауіпсіздігі мен қала тазалығын бақылау үшін, бейнекамералар саны көбейеді. Осыған дейін орнатылған бейне бақылау құрылғылары тиімділігін көрсетті. Қазір өңірде 2 мыңнан астам камера орнатылған. Жыл басынан бері бақылау жүйесі арқылы 18 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталған. Қыркүйек айынан бастап аталған камералар полиция бөлімшелерінің жедел басқару орталығына қосылды. Бүгінге дейін Жезқазған қаласында абаттандыру ережесін бұзған 500-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мәди Рақымбек, Сәтбаев қалалық полиция бөлімі жергілікі полиция қызметінің бастығы:
-Жыл басынан бері Жезқазған, Сәтбаев қалалары бойынша абаттандыру қағидаларын сақтамағаны үшін 900-ге жуық қала тұрғындарына хаттама толтырылды. Сонымен қатар уақытылы қоқыс шығармағаны үшін жауапты мекемеге 2 млн теңгеге жуық айыппұл салынды