Бензин мен дизельді ЕАЭО шегінен тыс елдерге экпорттауға шектеу енгізіледі
Қазақстан 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап бензин мен дизельді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс елдерге экспорттауға тыйым салады. Энергетика министрлігінің бұйрығында, аталған мерзімнен бастап алты ай рұқсат жоқ делінген.
Одан бөлек, елде АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынын тұтынудың көлемі едәуір артқан. «Сұр» экспорттың ай сайынғы көлемі 10 мың тоннаға жетсе, ал «жабын тауары» 45 мың тонна болған. Себебі елде жанар-жағармай бағасы көршілес елдермен салыстырғанда төмен. Қазақстандағы соңғы он айда бензин қоры 453-тен 295 мың тоннаға, дизельді отын 554-тен 279 мың тоннаға дейін азайды.