Хабар телеарнасы

Мемлекеттік қызметке дайындық мектептен басталады

Елімізде мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан білімді оқушыларға мектеп жасынан бағыт-бағдар беріледі. «Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында бұған ерекше көңіл бөлінген деді»,– агенттік төрағасы Дархан Жазықбай. Алматылық студенттермен кездесу кезінде жастарды Сингапур және Жапонияның тәжірибесімен таныстырды. Агенттік төрағасы студенттерді де мемлекеттік қызметке баулу бойынша нақты жобаларды атап өтті. Мысалы, бүгінге дейін 420 түлек конкурссыз жұмысқа орналасқан. Оның 37-і Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. Жалпы президенттік жастар кадр резервіне 400 адам қабылданып, 315-і жұмысқа орналасқан. Ал өңірлік кадрлық резервіне 505 жас іріктеліп, жұмыспен қамту басталған. Арнайы мектептерде жастарды бизнес процесстерге, мемлекеттік басқарудағы жобалармен жұмыс істеуге бейімдеу жүріп жатыр.

Дархан Жазықбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

- Ұлттық университеттердің, өңірлік университеттердің жанынан жас мемлекеттік қызметшілер мектебін аштық. Ол жерде біз 3, 4 курста немесе магистратурада, доктарантурада оқып жүрген студенттер өздері сол жас мемлекеттік қызметшілер мектебіне келіп, біздің аумақтық департаменттермен бірге жұмыс жасай отырып осы деңгейде оларға мүмкіндік беру.