Хабар телеарнасы

Арал маңында литий өндірілуі мүмкін

Арал маңында литий өндірілуі мүмкін. Алдағы уақытта оның қорын анықтау жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Литий ыстыққа төзімді шыны мен керамика, темір, болат пен алюминий басқа да өндірістерде қолданылады. Былайша айтқанда, үлкен сұранысқа ие. Болжам бойынша Арал маңында осы литий шөгінділері болуы мүмкін. Барлау шараларын Америкалық компаниялармен бірлесіп өткізу жайлы меморандум жасалған. Сонымен бірге сирек металдарды барлау бойынша Франция, Финляндия, Канадамен өзара келісім бар. Ал дәл қазір мемлекет қаржысы есебінен елдің 12 учаскесінде сирек металдарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

-Қазақстан жекелеген металдардың қоры бойынша жетекші орын алады. Бірақ соған қарамастан бізде кен өндіру деңгейі кеміп барады. Себебі қатты қазбалар мен көмірсутек қорын іздестірудің қарқыны төмен. Оны мойындау керек. Сондықтан аталған бағытқа тың тәсілдер қажет. Үкімет осы саланы қолдауға заңнаманы одан әрі жетілдіруге ерекше назар аударады.