Хабар телеарнасы

Қазақ тілі ЖИ арқылы дамиды

Қазақ тілін жасанды интеллектінің күшімен дамыту. Мәжіліс депутаттары мәдениет туралы заңға осындай норма енгізді. Соған сәкес енді ұлттық сөздік қоры мен тіл корпусын құрып, лексикалық қорды жүйелеу көзделіп отыр. Оны әзірлеумен елдегі екі институт айналысады. Дайын мәліметтермен, кейін жасанды интеллект технологиясына негізделген үлкен тілдік модель жасау ұсынылды. Осылайша қазақ тілін қолдану қолжетімділігі артады. Азаматтар интернет арқылы сөздер мен сөз тіркестерінің бірегей қорын тегін пайдалана алады. 

Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Біз қазір ChatGPT-ді қолданып жатырмыз, «Алиса» мен Google бар. Қазіргі уақыттағы маңызды мәселе – осы ЖИ-ді қазақ тілінде сапалы сөйлету. Қазір қарасаңыз, негізі жақсы прогресс бар. Бірақ ол неге байланысты? Қазақ тілінің ұлттық корпусын дамыта бастадық. Миллиондаған сөздер мен сөз тіркестерін қолжетімді қыла бастадық.