«Шет-энерго» ЖШС-ның мүлкін мемлекетке қайтару керек
Қарағанды облысындағы «Шет-энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мүлкін мемлекетке қайтару керек. Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың қатысуымен өткен Экономиканы демонополиялау жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Компания апатты жағдайларға жол беріп келген. Сондықтан комиссия мүшелері өңір тұрғындарының өмірі мен денсаулығына алаңдаулы. «Олар компанияның мүлкін мемлекет пайдасына реквизиттеу мақсатында сотқа жүгіну керек»,– деген шешім қабылдады. Dosjan Temir Joly компаниясы да өз тарифтерін қайта қарамақ. Себебі ол тарифтерді бірнеше рет негізсіз көтерген. Бұл компания «Шар – Өскемен» теміржол желісіндегі тасымалды қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек отырыста «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамына еншілес компаниялардың да мәселелері қаралды.