Қарин төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиында Ерлан Қарин Мемлекет басшысының Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ықпалдастыққа баса назар аударатынын атап өтті. Сондықтан осы ұйымның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстамбұл жоспарына сәйкес мониторингтің бесінші раундын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері салаға қатысты ұлттық заңнаманы және халықаралық стандарттарды енгізу арқылы құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші шетелдік сарапшылардың ұсыныстарын жүзеге асыруға және аталған беделді халықаралық ұйыммен байланысты одан әрі нығайтуға қатысты бірқатар тапсырма берді.