Хабар телеарнасы

Перизат Қайраттың мүлкі тәркіленді

Қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы әрі басшысы Перизат Қайраттың дүние-мүлкі тәркіленді. Сот санкциясымен оның Астана қаласындағы элиталық 4 тұрғын үй кешеніндегі пәтерлері мен коттедж қалашығындағы бір жылжымайтын мүлкі және қымбат автомобильдері қамауға алынды. Еске сала кетейік, ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге және Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында жиналған 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде. Қаржы мониторинг агенттігінің хабарлауынша, Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында оның үйінен қымбат техника, танымал әлемдік брендтердің киімдері, зергерлік бұйымдар мен сөмкелері табылып, тәркіленді. Оған қатысты тергеу жалғасуда.