Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтерек ауылына табиғи газ берілді
Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы облысының Жамбыл ауданындағы 4 мың тұрғыны бар Ақтерек ауылына табиғи газ берілді. Шалғай ауылды көгілдір отынмен қамтуға 1 млрд 82 млн теңге бөлінген. Елді мекенге газ құбырының тартылуы тұрғындардың тұрмысын жақсартып қана қоймай, әлеуметтік нысандардың жұмысына оң әсер етеді. Алматы облысында биыл ауылды аймақтарды газдандыру бойынша 59 жоба жүзеге асырылып жатыр. Жыл аяғына дейін өңірді көгілдір отынмен қамту деңгейі 53% еңсермек.
Алпысбай Орманов, Ақтерек ауылының тұрғыны:
-Сонау 90 жылдан бері қарай осы газды күттік қой. Бүгін өте қуаныштымыз. Ауылымызға газ түсіп, осыны көптен бері армандап жүргенбіз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болып, ауылымызға жақсылық жасап, кейінгі ұрпақтарды осындай қуанышқа бөлей берейік.