МӘМС-ті жетілдіру жолдары талқыланды
2026 жылдан бастап қосымша 1 млн-нан астам азамат медициналық сақтандыру жүйесіне қосылады. Олар бұған дейін МӘМС жүйесіне ақша төлемегендіктен, дәрігерге тегін қарала алмайтын. Ұлттың жалпы денсаулығын жақсарту үшін аталған топқа осындай жеңілдік берілмек. Бұл туралы бүгін саланы дамытуға арналған жиында айтылды. Мәжіліс депутаттары МӘМС қызметін әлі күнге сапалы ұйымдастыра алмаған денсаулық сақтау министрлігін сынға алды. Сақтандырудың енгізілгеніне 4 жыл болса да әлі күнге емханада кезек көп. Кей қызметтер мен мамандардың қабылдауын айлап күту деректері азаймай тұр.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Денсаулық сақтау министрлігі әр ауруханаға тиісті бір квота береді. Бір ауруханаға осы айда 5 КТ дейді, 10 МРТ дейді. Он адам емес, оған жүз адам барса, онда ол оны оныншы айға жазады. Солай ғой. Сондықтан бұл жүйені толығымен реформалау керек.