Хабар телеарнасы

Инклюзия саласында әлі шешілмеген мәселе көп

Инклюзия саласында әлі шешілмеген мәселе көп. Бүгін Астанада мүгедектердің жанашыры боп жүрген үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бас қосты. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының ұйымдастыруымен өткен жиында әлеуметтік кәсіпкерлік, параспорттағы қиыншылықтар және ауылдағы инклюзия мәселелері талқыланды. Аталған үш бағыт бойынша қатысушылардың ұсыныстары негізінде резолюция қабылданып, құжаттар Парламентке жолданатын болды. Айта кетейін, бүгінде қос палатаның жанынан инклюзия тобы құрылып, олар ерекше жандардың сұрақтарын шешумен айналысып жүр.

Мақсұт Насибулов, ЖСДП орталық аппаратының басшысы:

-Неліктен біз ауылдағы инклюзия? Өйткені мүмкіндігі шектеулі жандардың ауылда бұл мәселені шешуі. Соңғы кезде аутизм ауруы көп боп кетті. Оны ауылда мықты мамандардың болмауы себебінен аутизм ары қарай дамып кетті. Оны ертерек 1-2 жасында анықтамаса, қиын боп кетеді емдеуге.