Түркістанда дәстүрлі Президент шыршасы өтті
Түркістанда дәстүрлі Президент шыршасы өтті. Жаңажылдық кешке әлеуметтік осал топтағы балалар мен оқу озаттары, спорт пен шығармашылықта жетістікке жеткен 200 бүлдіршін қатысты. Мерекелік жиында әр балаға қазақ ертегі кітаптары, сыйлықтар тарту етіліп, естелік хаттар мен түрлі тәттілер үлестірілді. Құрметке бөленген оқушылар арасында еліміздің батыс өңірлеріндегі су тасқынынан зардап шеккен халыққа өзінің жинап жүрген қаражатын жолдап, көпшілікті сүйсіндірген кентаулық оқушы Гаухар Шаймерден де бар.
Гаухар Шаймерден, 5-сынып оқушысы:
-Бүгінгі жаңа жыл маған өте қатты ұнады. Өте керемет өтті. Көп кейіпкерлерді көрдім. Кішкентай балалар өздерінің өнерлерін көрсетіп, әкімнен мақтаулар алып жатыр.