Хабар телеарнасы

Сәтбаев қаласында 25 отбасы баспаналы болды

Сәтбаев қаласында 25 отбасы қоныстойын тойлады. Жаңа жыл қарсаңында баспаналы болғандардың қатарында көпбалалы аналар, ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар мен мемлекеттік қызметкерлер бар. Ұзақ жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған отбасыларға үй сатып алу үшін жергілікті қазынадан 127 млн теңге бөлінген. Кеншілер шаһарында соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді. Биылдың өзінде көпқабатты үш үйдің құрылысы басталды. Оның 2-еуі жыл соңына дейін аяқталады.

Сәбира Сауқым, Сәтбаев қаласының тұрғыны:

-Осы уақытқа дейін квартира жалдап, пәтер жалдап қаншама жүрдік. Жалғызбасты ана болғаннан кейін қиын болды. Енді 14 жыл күткен үйім ғой. Өте қуаныштымын. Үй жақсы, өте кең. Жаңа үй.

Назгүл Сүттібаева, Сәтбаев қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

-Біраз жылдар бойы өздеріңізге мәлім бізде арендалық үй дейді ғой салынып жатқан жоқ. Ең соңғы 2021 жылы салынған. Содан кейін енді қарқын алып отқан несиелік үйлер басталды. 2025 жылы тағы да 2 бесқабатты 60 пәтерлі үй салу жоспарлануда. Биылғы жылы конкурстық рәсімделді. Мердігер анықталды. Қаражаты бөлініп тұр.