Қазақстанда метапневмовирустың 30 жағдайы тіркелді
Отыздан аса отандасымыздың метапневмовирус жұқтырғаны белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше бұл - көптеген елдерде ондаған жыл бойы таралған классикалық вирустардың бірі. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті республика бойынша тұмауға жатпайтын вирустың 8 мың 360 үлгісін зерттеді. Оның 30 жағдайы метапневмовирус екені расталды. Инфекцияның басты белгісі - жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, бас ауруы. Әзірге дерттің нақты емі жоқ. Сондықтан ақ халаттылар барынша абай болуға шақырады. Адам көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға баруды шектеуге кеңес береді.