Хабар телеарнасы

Елордададағы екі мектептің құрылысы назарға алынды

Астанада екі мектепке жапсарлас ғимарат салған құрылыс компаниясы қарызға белшеден баттық деп дабыл қақты.

Айтуларынша, бір нысанда жұмыс аяқталған, екіншісі де бітуге жақын. Ал мердігердің жалдаған компанияларына беретін қаржысы жоқ. Өйткені атқарған жұмыстарына миллиардтан астам теңгесін ала алмай жүр. Жергілікті жауапты мекеме ғимарат тұрғызуда бірқатар кемшіліктер кеткен, - дейді. Тіпті екеуара келісімшартты да бұзған. Енді іс сотта қаралмақ. 

Бұл №17 мектеп-гимназиясының жанынан бой көтерген 350 балаға арналған жаңа ғимарат. Қазір құрылысы аяқталуға жақын. Бұны салған компания елордадағы тағы бір білім ұясына дәл осындай нысан тұрғызған. Екеуінің жалпы құны 5 миллиард теңгеден асады. Бірақ соңғы уақытта тапсырыс беруші құрылыс бөлімінен қаржы түспегендіктен, мердігер өз қаражатын жұмсапты. Енді оны жауапты мекемеден талап етуде.

Жамбыл Сағинов, мердігер компанияның учаске басшысы:

- Сол қазіргі таңда құрылыс бөлімінде 1 млрд 200 млн алатын ақшамыз бар. Осы барлық жұмыс бітірілген, қабылданған бәрі. Енді осы таңда қарапайым халық, жалақылары бар ала алмай жүрген. Бұлар енді бізде істеген қосалқы мердігер. Біз оларға қарызбыз осы таңда. Мердігер 1 млрд 200 млн болса, біз қазір халыққа 350-400 миллиондай берешек ақшамыз бар. Оның ішінде жеке кәспкерлер бар, жеке «ИП отделка» істеген, желдету, лифт, жабдық, қаншама материалға ақша төленбей қалған. 

Баян Сыздықбаева, кәсіпкер:

- Маған жалпы 75 млн теңге қарыз. Мен түгел осы ішкі отделка жұмыс. Экополы бар, кафелі бар, гипсокартоны бар, түгел материалымен алып келіп жұмыс істедім. Енді осынша ақша қарыз, бр жыл болды. Анықталғандай, бұл ғимаратты салу белгілі мерзімнен кешігіп басталған. Ал мәселеге орай әкімдік өкілдерінің өз айтары бар. Нысандар тұрғызылғанымен, құрылыс барысында бірқатар жұмыс жобаға сәйкес жүрмегені анықталды, - дейді.

Бекзат Тамшыбаев, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Қазіргі таңда бұл «Шебербилд» компаниясы мен құрылыс басқармасы арасындағы шарттық келісімдердің барлығы бұзылған. Қазіргі таңда жиналып отырған субподряд мекемелері бойынша біз өзіміздің тарапымыздан отработка жұмыстар жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін компаниясы актілермен біздің алдымызда ешқандай құжаттарды өткізбеген. Қазіргі таңда басқарма бюджетінде осы 17, 27 мектептердің құрылысына тиісті бүкіл ақшалар тұр. Заң бойынша авторлық техникалық қадағалау бекіту керек қой. Техникалық қадағалау барлығы қабылдаған жоқ. Өйткені көп жағдайда өзгерістер енгізген. Жобаға сәйкес жұмыстар тиісті атқарылмаған. 

Дегенмен бой көтерген ғимараттың бірінде балалар білім алып жатыр. Ал құрылыс компаниясы тиісті қаржымызды бермеді, - деп шағымданып жүр. Антикорға, Параламент депутаттарына және басқа да ұйымдарға хат жолдаған.

Әнуарбек Мырзатайұлы, тілші:

- Қазір бұл мәселе соттың қарауына жіберілген. Құрылыс жүргізген мердігер компанияның да, нысанды тұрғызуға тапсырма берген мекеменің де өз ұстанымы бар. Нақты қашан шешімі шығары әзірге белгісіз. Ал оған дейін құрылыстың бітпей қалған жұмыстарын басқа мердігер атқаратын болады. Ол үшін қазір тендер жарияланған.

Әнуарбек Мырзатайұлы, Мейрамбек Қайыркелді