Хабар телеарнасы

Ақтауда құлаған ұшақтың «қара жәшігі» Қазақстанға жеткізілді

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың «қара жәшігі» енді Қазақстанда зерттеліп жатыр.

Бұған дейін Бразилия деректерді ашып, мәліметтерді зерттеуді бастаған еді. Қазақстан Ақтауінің хабарлауынша, борттағы құрылғының шифрланған деректері елімізге жеткізілді. Қазір ведомство жанынан құрылған арнайы комиссия өз жұмысын жалғастырып жатыр. Апаттың мән-жайы жан-жақты зерттеуден кейін белгілі болады. Қазақстан заңнамасының және ИКАО-ның талаптарына сәйкес, алдын ала есеп жариялайды. Онда тергеу барысы және тергеу нәтижесінде анықталған нақты ақпарат болады.

Айта кетейік, Ресейдің тергеу комитеті де Embraer-E190 ұшағының апатқа ұшырауы бойынша қылмыстық істі тергеу амалдары жалғасып жатқанын мәлімдеді.