Хабар телеарнасы

Алматыда газ құбырын бүлдіргендерге қатысты тергеу басталды

Алматы полициясы Түрксіб ауданындағы жерасты газ құбырын бүлдіргендерге қатысты тергеуді бастады. Захаров көшесінде кәріз жүйесін рұқсатсыз жүргізбекші болғандар кеше газ құбырына зақым келтірген. Салдарынан 8 мыңнан аса пәтер, 2,5 мың жеке үй мен 67 әкімшілік ғимараты көгілдір отынсыз қалған. Ал тұрғындардың бір бөлігін жылумен қамтамасыз ету үшін қазандық мазутқа ауыстырылған. Жөндеу жұмыстары бүгін түстен кейін аяқталды. Мамандар жүйеге қысым сынағын жүргізіп, қауіпсіздікті қамту мақсатында әр үйге барып, газды кезең-кезеңімен қосып жатыр. Күдіктілердің кінәсі дәделденсе жауапқа тартылып, барлық шығынды солар өтейді.