Астанада боччашылардың оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр
Оның аясында отандық параспортшылар мен жаттықтырушыларға Корея мен Таиланд елдерінен келген халықаралық деңгейдегі мамандар дәріс беріп, тәжірибесін бөлісуде. Мақсат – өңірлерде бұл спорт түрін дамытудың бірыңғай стратегиясын әзірлеу мен спортшылардың әлеуетін одан әрі ашуға ықпал ету. Мұнда Сенаттың төрағасы – Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев болып, жұмыс істеп жатқан шетелдік жаттықтырушыларға алғыс білдірді. Сондай-ақ спортшыларға сәттілік тіледі. «Елімізде боччамен айналысқысы келетіндер көбейіп келе жатқанын және спортшыларымыздың дайындығы арта түскенін атап өтті. Сондықтан әлемдік деңгейдегі жаттықтырушылардың шеберлік сабағы маңызды»,– деді.