Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы: Жыр алыбының 10 томдығы жарыққа шықты
«Ұлы ақынның мұрасын, оның шығармашылығын зерттеген ғалымдар мен жазушылардың еңбектері тұңғыш рет толықтай топтастырылып басылды», – деді шараға қатысқан мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев. Жамбыл халқымыздың рухани дүниесінде қуатты да өміршең жырларымен өшпес із қалдырды. Жиырмасыншы ғасырдың өзінде әлемдік дәрежеде мойындалған тұлғаға айналды. Ақын шығармалары әлемнің 160 тіліне аударылған. Мемлекеттік тапсырыс аясында басылып шыққан көптомдық 30 мың дана болып шығарылды.
Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
- Ақын шығармашылығы парасатқа, философиялық қалың қатпарларға бай. Халық поэзиясы қандай құнарлы болса, сол қайнардан қанып ішкен оның өлеңдері де сондай байлыққа ие. Жамбыл жырларында замананың төлегей теңіз шындығыда бар, онда замана күн көзіндей жарығыда бар. Ал Жамбыл ақындығының танымдық, тағылымдық жоғары мәні сол – ол бүгінде бізбен бірге.
Нағашбек Қапалбекұлы, Жамбыл Жабаев 10 томдығын құрастырушы:
- «Жамбыл әлемі» деген біріккен жоба дайындап отырмыз. Алғашқы 15 томы тек Жамбыл жөнінде, одан кейінгі томдары Жамбылдың ұстаздары мен шәкірттері туралы.