Ел егемендігінің 30 жылдығына орай «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» іс-шарасы өтті
Оған мемлекет басшысының тапсырмасымен барған сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев шаһардың экономикалық, рухани, мәдени жетістіктеріне тоқталды. Егемендік жолында ерен еңбегімен танылып, мегаполистің дамуына үлес қосып келе жатқан жандарға мемлекеттік наградалар табысталды.
«30 жылда Алматы қарқынды дамып келе жатқан мегаполиске айналды. Елдің ішкі жалпы өнімнің бестен бірі Алматыға тиесілі. Бүгінде қалада банктердің 80%-тен көбі, 60-тан астам халықаралық компания мен қор биржасы орналасқан. Ең бастысы Алматыда Тәуелсіздік жарияланып, алғаш рет көк байрақ желбіреді», - деді Сенат Төрағасы.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
- Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – еліміз үшін маңызды меже, айтулы белес. Қазақстан бұл кезеңге ірі жетістіктермен жетіп отыр. Ал ендігі міндет – барамызды бағалап, жемісті жолымызды жалғау.
Салнататты басқосуда қала әкімі Бақытжан Сағынтаев артта қалған 30 жыл ішінде әсем де сұлу Алматы қаласының ұлт тәуелсіздігі жолындағы орны мен маңызын атады.
Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:
- Бүгінде экономикасы нығайған, өндірісі өркендеген, руханияты өрлеген, кәсіпкерлігі дами түскен, ғылымы қанат қаққан жастар қаласы – Алматының ұлт тәуелсізідігінің тұғырын нығайту жолында еңбек ете берері сөссіз. Осындай ұлы істерді іске асырда барша қазақстандық сияқты алматылықтардың да үлесі ерен.
Жиында Мәулен Әшімбаев пен Бақытжан Сағынтаев ел Президентінің атынан Отанымыз бен қаланың өсіп-өркендеуіне айрықша үлес қосқан алматылықтарды мемлекеттік «Парасат», «Барыс», «Құрмет» наградалармен марапаттады. Сондай ақ Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толуына орай оған қатысқандардың кеудесіне төсбелгілерді тақты.
Талғат Жұмаханұлы, ҚР «Желтоқсан зейнеткерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
- Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын дейміз. Біздің желтоқсаншылардың осы тәуелсіздікке сіңірген еңбегі орасан.
Сонымен қатар өз саласында ерен еңбегімен дараланған жандарға алғыс хат және құрмет граматолары берілді.
Авторлары: А. Садуақас, Р. Жақып