Хабар телеарнасы

Ticketon сыйлығына онлайн дауыс беру жүріп жатыр

Үміткерлер қатарында театр және кино актерлерімен қатар театрландырылған қойылымдар, фильмдер, балаларға арналған іс-шаралар бар.

Дауыс беру 1 наурызға дейін жалғасады. Дауыс берушілер арасында күн сайын ұтыс ойыны да өтеді. Ал ең белсенді дауыс беруші бас жүлде – смартфоға ие болады. Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Тикетон компаниясы Freedom Holding Corporation құрамына кірген болатын.

Биылғы жылы марапатты ұйымдастырушылар аймақтық-мәдени шараларға баса назар аударған. Сондықтан үміткерлер арасынан онлайн дауыс беруге қатысушылар ірі мегаполистердің ғана емес, Қазақстанның шағын қалаларының өнерпаздарын да көре алады. Байқауда гастрольдік іс-шаралар, концерттер, тіпті шеберлік сабақтары да жеті түрлі аталым бойынша ұсынылған.

Назерке Қайратқызы, ұйымдастырушылар комитетінің мүшесі:

- Менің ойымша, шығармашылығын насихаттау және өнер жолындағы әртүрлі саладағы белсенді азаматтарды ортаға шығару, еңбектерін бағалау үшін жақсы мүмкіндік деп ойлаймын. Оларды біздің халқымызға таныстыру үшін жақсы премия.

Биыл бесінші рет өтіп отырған дәстүрлі шараға 29 аталым бойынша 100-ден аса үміткер қатысуда. Мәдениет саласының майталмандарына арналған марапат биыл тағы үш аталыммен толықты. Олар – «Үздік драма актері», «Үздік опера әншісі» және «Үздік балет артисі».

Виктория Торгунакова, Ticketon компаниясының бас директоры

- Әр номинация бойынша сегіз үміткер болады. Яғни, бізде 100-ге жуық үміткер бар. Әрине, бұл адамдар ғана емес. Біз жыл премьерасын, облыстық қойылымды, балаларға арналған іс-шараларды, шеберлік сабақтарын таңдаймыз. Біздің бұл жерде ұйымдастырушы ретіндегі рөліміз – көрермен қызығушылығын ескеру, дауыс берудің ашықтығын қамтамасыз ету.

Үздіктерді таңдау үшін аward.ticketon.kz сайтына тіркеліп, дауыс беруге болады. Дауыс беру 1 наурызға дейін жалғасады. Белсенді қатысушы арнайы сыйлыққа ие болады. Ал жеңімпаздарды марапаттау сәуір айында өтеді.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Радик Жақыпов