Қазақстандық бишілер жастар арасындағы спорттық биден әлем чемпионы атанды
17 жастағы Максим Жиленков мен 18 жастағы Арина Молочникова әлем чемпионатына Латын Америка және еуропаның би түрлерін ұсынған. Әрқайсынан 5 биден биледі. Бір қызығы, екеуінің бойлары сәйкес келмейді. Бірі ұзын, бірі қысқа. Ал спорттық биде бұл өте маңызды, — дейді жаттықтырушылары. Соған қарамастан, жарасымды жұп 12 жыл ішінде үлкен жетістікке жеткен. Қазақстан кубогінің бірнеше дүркін иегерлері Азия чемпионатында 4 мәрте жеңімпаз болған. Енді олар Хорватия мен Италияда өтетін әлем чемпионатында өнер көрсетеді.
Арина Молочникова, спорттық биден әлем чемпионы:
- Бұл тынымсыз еңбектің жемісі. Ондаған жыл ішінде біз 10 түрлі бидің барлығын да жақсы меңгердік. Сондықтан жеңіске жеттік деп ойлаймын. Бірақ босаңсуға болмайды. Алда әлі екі бірдей әлем чемпионаты бар. Бас жүлдеден үміттіміз. Дайындықты қазірден бастап кеттік.