«Тақия» комедиясы жарыққа шығады
Комедия жанрындағы туынды келесі жылы көктемде жарыққа шығады. Кинотеатрлар желісінің басшысы Алмаз Малдыбаевтың идеясынан туған бұл драмалық комедия ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына негізделген. Фильм авторлары ұлттық құндылықтарды дәріптейтін картинаның көпшілік көңілінен шығарына сенімді.
Елімізде комедия жанрындағы фильмдер көп болғанымен «Тақияның» өзіндік ерекшеліктері бар. «Бұл жерде мақсатымыз жұртты күлдіру ғана емес, салт-дәстүрімізбен, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау», — дейді фильм режиссері Ернат Байұзақов.
Ернат Байұзақов, «Тақия» фильмінің режиссері:
-Бұл негізі тақия туралы. Ұлттық киім,соның құндылықтары, соны киген жас бала. Ертегі секілді ол тақияны киген сәтте басқа әйел адамдардың ойын оқып бастайды. Сол қызық комедия.
Фильмнің қысқаша желісі мынадай: Өмірде өз орнын таба алмай жүрген Еркін ауылдағы атасы әкеп берген тақияны киген бетте күрт өзгеріп шыға келеді. Яғни жан жарымен тіл табысып, бақытты кезеңді бастан өткереді. Басты рөлді жас актер Ерлан Құлмұрзин ойнайды.
Ерлан Құлмұрзин, актер:
-Бұл персонажға келетін болсақ көп жерде жұмыс жасайды. Бірақ жасаған жерінде андай болады ғой, басқан жерінде шөп шықпайтын адамдар. Басты қандай жағдай болмасын қиындықтарға мойымай алдыға қойған мақсаттарға жету. Өзіңе сену өзіңді алып шығу, біреу бірдеңе айтса мұңаймау деген сияқты дүниелерді көрсетеміз.
Продюсер Азат Жәпектің жетекшілігімен түсіріліп жатқан фильмге Әсел Сағатова мен Айжан Нұрмағанбетова секілді әртістерде де қатысуда. Түсірілім аяқталған соң монтаж басталады. «Тақия» фильмі келесі жылы көктемде көрермендерге жол тартады.
Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Эдуард Кон