Бейбарыс Сұлтанның туғанына 800 жыл
Биыл Дешті Қыпшақ даласынан шыққан даңқты тұлға Бейбарыс Сұлтанның туғанына 800 жыл. Осыған орай Астанадағы көшелердің біріне әйгілі қолбасшының есімі берілді. Көше алты жолақты. Ұзындығы 2 шақырымнан асады. Сондай-ақ «Бейбарыс Сұлтан және оның түркі тарихындағы орны» атты халықаралық конференция өтті. Жиында отандық және шетелдік ғалымдар Мысыр сұлтанының тарих пен өнердегі бейнесі, дипломатиясы һәм тұлғалық келбеті жайында сөз қозғады.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
-Батыстан крест жорықтары үлкен қауіп төндіргенде, Шығыстан Құлағудың әскер дінге үлкен қауіп төндіргенде және дінді іштен кемірген сәтте соны қайта сақтап қалған Бейбарыс бабамыз болатын. Сонымен қатар оның Мысырда жүріп тілін, дәстүрін қаншалықты ұлағаттағанын жақсы білеміз.