Хабар телеарнасы

Ұлттық киім ұлықталды. Өңір жаңалықтары

Павлодарлық бүлдіршіндер ұлттық киімдер шеруіне қатысты.

Аманжол Шәмкенов атындағы мектептің бастауыш сынып оқушылары бүгін қазақша киініп келген. 150 бала ортаға шығып, ұлттық киіміміздің сан-алуандығын көрсетті. Осылайша, қазақтың мәдениетін, болмыс-бітімін баланың бойына жастайынан сіңіру көзделген.

Ақтөбеде «Кимешек FEST» сән көрсетілімі өтті.

Ұлттық киім үлгілерін әжелер ансамблі мен өнерде жүрген ақжаулықты аналар көрсетті. Әжелер қазақы баскиім түрлерінің шығу тарихы мен қолдану орнын да егжей-тегжейлі түсіндірді. Киім үлгілерін жиырмаға жуық тігінші сәнгер әзірлеген. 


Түркістанда Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық киім – ұлттың айнасы» атты рухани танымдық кеш өтті.

Сондай-ақ жиында ұлттық киімнің тарихы мен тігілу техникасы және ерекшелігі жайлы мағлұмат берілді және әжелердің қатысуымен ұлттық киімдердің сән үлгісі көрсетілді. 

Ал сәуір айында түйе жүнінен тігілген киімдер Франциядағы көрсетілімде көпшілік назарына ұсынылмақ.

Ақтаулық этно-дизайнер Айжан Рахымбайқызы өткен ғасырларда қазақтар киген жадағайлардың суретіне қарап, қазіргі заманға лайықтап тігеді. Сырт киім өңіріне ілетін түймелер бағалы метал немесе асыл тастардан жасалады.