Қазақтың қара домбырасы Гонконгта күмбірледі
Қазақстандық өнерпаздар мен Бас Консулдық қызметкерлері Ұлттық киім күні туристер көп жиналатын жағалаумен жүріп өтті. Жәй ғана емес күй тартып, халық әндерін орындап дүйім жұртты өздеріне қаратты. Қазақтардың мұндай әрекеті қала тұрғындарын таң қалдырды. Әсіресе құндыз бөрік, оюлы тақия, ұлттық нақышта тігілген киім қызығушылық тудырды. Іс-шара ұлттық мерекемізді ұлықтап қазақ халқының мәдениетін шетелдіктерге таныстыруға бағыттылған. Қос ішекті домбыра жергілікті тұрғындарды таңдай қаққызғаны анық. Ән мен күйдің арты бимен жалғасып Гонконг жұрты «Қара жорға» биін біледі.
Алмас Сейтақынов, Қазақстанның ҚХР Гонконг және Макао АӘА бас консулы:
-2024 жыл Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы болып жариялануына орай Бас Консулдықпен осы жылы бірқатар іс-шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар Қазақстан мен Гонконгтың қарым-қатынасын нығайтуға және еліміздің имиджін көтеруге өз үлесін қосатыны сөзсіз.