Хабар телеарнасы

Ташкентте «Әл-Жәбірдің атасы» журналының өзбекше нұсқасы жарық көрді

Ташкентте «Әл-Жәбірдің атасы» ғылыми-танымдық журналының өзбекше нұсқасы жарық көрді. Оқу құралының бастауында қазақстандық ғалым Асқар Жұмаділдаев тұр. Журналдың шығуына математиканы онлайн оқыту платформасының жетекшілері қолдау көрсеткен.

«Әл-Жәбір» – алгебра, ал оның негізін қалаушы 1200 жылдай бұрын Арал теңізі маңында өмір сүрген Әл-Хорезми. Ғұламаның математикаға енгізген терминдері қазір де пайдасын тигізіп, осы күнгі технологиялық прогреске жол ашқан. Айталық, компьютер, информатика, тіпті биг дата Әл-Хорезмидің алгоритм ұғымына негізделген. «Бұл тұтас Орталық Азия халықтарына үлкен абырой», - дейді математик Асқар Жұмаділдаев.

Басылымның өзбекше нұсқасы да тұрақты түрде шығады. Онда орта және жоғары буын оқушыларының «Тай жарысы», «Құнан жарысы» және мектеп ұстаздарының «Дөнен жарысы» атты олимпиадалық тапсырмалар тарауы қарастырылған. Ғылыми журналдың негізгі бағыты математика болғанымен, өзге де салаларды қамтиды. Жарты жыл бұрын Қазақстанда алғашқы саны 2,5 мың данамен тараған еді.

Асқар Жұмаділдаев, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті:

- Өзбек жастары, қазақ жастары арасында үлкен ұқсастық бар. Оқу, білім, ғылым жүйесі және мінез-құлық. Біздегі проблема бұларда да бар, бұлардағы проблема бізде де бар. Сол себепті мынау «qalan.kz» және «Әл-Жәбірдің атасына» қызығушылық үлкен екенін байқадық. Сондықтан оны өзбек тілінде де шығаруды ұйғардық. Көрдіңіздер, өте жақсы қабылдап жатыр.

Қытай Жер серігі Айдың «жарық түспейтін қараңғы жағының жер бедерінен» алғаш рет сынама алды. Ғарыш аппараты қазір топырақты жерге алып келе жатыр. Бұл – адамзат тарихында болмаған ғылыми жетістік. Бұған дейін айдың қараңғы бөлігінен сынама алмақ түгілі, ешқандай техника жете алмаған.

Тұңғыш рет Қытайдың «Чанъэ-6» ғарыш кемесі жетті. Зонд айдың қараңғы бетіне 2 маусым күні қонды. Ғарыш аппараты сынаманы екі күнде жинап, Ай орбитасына қайта шықты. Жөнелтілген ғарыш кемесі толықтай роботтандырылған. Конструкторлар оны зерттеуге қажетті талдау механизмдерімен жарақтандырды.

Робот модуль Айдағы минерал құрамын ғана анықтап қоймайды. Сонымен қатар Ай асты суларының бар-жоғын айқындап береді.

Сарапшылардың айтуынша, жүк жеткізілген соң айдың жаратылысы мен  эволюциясына қатысты тың жаңалықтар ашылады.