Хабар телеарнасы

Астанада ақын Мақтымқұлыға арналған ескерткіш ашылды

Астанада түрікмен халқының ұлы ойшылы, көрнекті ақын Мақтымқұлыға арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қатысты. Сенат төрағасының айтуынша, Мақтымқұлының мұрасы – Орталық Азия халықтарының ортақ қазынасы. Одан бөлек, 2024 жыл түркі әлемінде Мақтымқұлы Пырағы жылы деп жарияланды. Ақынның мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы даталарының тізіміне қосылды. Ал Қазақстанда ақынның 300 жылдығы кең көлемде аталып өтіп жатыр.