Хабар телеарнасы

Елордада алғаш рет Astana Graffiti фестивалі өтті

Бүгін елордада алғаш рет Astana Graffiti фестивалінің ашылуы өтті. Президенттік орталықтың алаңында қала тұрғындары мен 20-дан астам кәсіби стрит-арт суретші арнайы тақтайшаларға сурет салды. Фестиваль көше өнерін дұрыс дамытып, ұмытылып бара жатқан авторларды қолдауға бағытталған. 10-шы тамызға дейін жалғасатын іс-шара аясында танымал суретшілер Лейла Махат, Сағындық Дагаров, Ульяна Евдокимовалар шеберлік сабағын да өткізеді.

Сырым Мүсіреп, кәсіби суретші:

- Мен өзім қонақ болып келіп тұрмын. Дегенмен өз қолтаңбамды қалдырып кетейін деп. Шамамен 15 минут аралығында жасалған дүние. Жаңа ғана бастадық. Жалпы, мұнда көңіл-күйдің, жаз әсерінің, қиялдың ғажайыбын көрсету барысындамын. Мұндағы демострациям қоғам өнермен тығыз байланыста болуы керек.