Хабар телеарнасы

Қызылорда облысында тағы бір «Жайлы мектеп» ашылды

Қызылорда облысында тағы бір «Жайлы мектеп» ашылды. Жаңақорған кентіндегі «Саяжай» шағын ауданынан бой көтеген білім ордасы 600 орынға шақталған. Бұл ұлттық жоба аясында өңірде пайдалануға берілген бесінші мектеп. Биыл тағы бес білім ошағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Аймақта білім нысандарымен қатар, мәдениет үйлері де салынып жатыр. Мәселен, Жалағаш ауданынан бой көтерген «Руханият орталығы» ғимаратында мұражай, кітапхана, неке қию залы мен ардагерлер және жастар үйі бар. 

Мира Қазбекова, облыстық мәдениет басқармасының басшысы:

- Бұрынғы архив мекемесі 1975 жылы бу қазандығының ғимаратында орналасқан болатын. Ол жерде сақтау рижимі сақталмаған болатын. Биыл осы «Руханият орталығына» көшіріп, қор сақтау қоймаларын 48% қамтамасыз етіп отырмыз. Яғни алда 40 жылға жуық уақытқа құжат сақтауға мүмкіндік алып отырмыз.