Хабар телеарнасы

СҚО-да қар құрсауында қалып қойған 250 адам құтқарылды

Полицейлер мен төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген жұмыс кестесіне көшкен. Ескертуге қарамастан кейбір адамдар жолға шығып, батып қалған. Мәселен, Шахавское ауылы маңында жүкті әйел мен балалары құтқарылып, аман-есен үйіне жеткізілді.

Баян Байғаскина, СҚО ПД ЖПҚ басқармасының аға инспекторы:

- Ғабит Мүсірепов ауданында қар кептелісінде 27 автокөлік және оның ішінде 40 адам және 2 бала құтқарылды. Благовещенко – Қайранкөл облыстық маңызы бар автожолында ҚХР азаматынан қар кептелсінде қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған оқиға орнына ТЖБ және патрульдік полиция қызметкерлері келіп, аталған азаматты қар кептелісінен шығарған.