Ерлан Нұрғалиевті өлтірген 3 ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Берік Ахметов, Қайрат Ақшанов және Нұрлан Шүкілдіков өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Бұл іске қатысты қалған тұлғалар – Берден Базаров, Батырбек Қайырбеков, Жарасхан Мырзабаев және Айдос Әкімов заңсыз аң аулағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазаны орташа қауіпсіздік колониясында өтейді. Сотталғандардың барлығы аң аулау құқығынан бес жылға айырылып, 20 және 30 АЕК көлемінде өтемақы төлеуге міндетті. Сонымен қатар сот олардан 17 ақбөкенді өлтіргені үшін өтемақы ретінде 89 миллионнан астам теңге өндіріп алуға қаулы етті.