Нұр-Сұлтан қаласында қалааралық көліктер қатынасына шектеу қойылды
Президент жанындағы мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады.
Наурыздың 18-інен 19-ына қараған уақыттан бастап енгізілетін шаралар мыналарды қамтиды:
- Санитарилық-эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар жүргізіледі;
- Карантин аймағының периметрлері белгіленеді;
- Адамдардың қозғалысына, көліктердің кіріп-шығуына шектеу қойылады;
- Ауруды жұқтырғандар, күдіктілер, карантиндегілердің санаты бойынша арнайы емдеу мекемелері үздіксіз жұмыс істейтін болады;
- Халық азық-түлікпен қамтылады;
- Қоғамдық көлік қозғалыстары күндіз шектеледі. Ал түнде жүрмейді;
- Ірі ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері уақытша жұмыс істемейді;
- Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сататын нысандар ғана ашық болады;
- Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс режимі қайта қаралады;
- Азық пен дәрілердің қоры тәулік бойы анықталып тұрады;
- Карантин кезінде бұдан басқа да шаралар қабылданбақ.