Бүгіннен бастап тағы бірнеше облыс карантинге жабылды
Аталмыш аймақтардың кейбірінде түнгі сағат 00:00-ден бастап бұл талап күшіне енді. Мұндай шешім ондағы тұрақты жағдайды сақтау және коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі штабтың жедел отырысында қабылданған. Жүк және азық-түлік тауарларын тасымалдайтын автокөліктер қозғалысына ғана рұқсат. Сондай-ақ азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды есепке алмағанда, сауда орталықтары мен құрылыс тауарларын сататын базарлар жұмысын тоқтатады. Қоғамдық тамақтану орындары жеткізіп беру режіміне көшеді.
Айта кетейік, кеше, яғни 30 наурыз Маңғыстау, Атырау және Қарағанды облысындағы бес қала карантинге жабылды.