БҚО-да киік мүйізін сатпақ болғандар ұсталды
Жыл басынан бері өңірде заңсыз аңшылық дерегі бойынша 30 құқықбұзушылық тіркелсе, соның 17-сі киікке қатысты. Жуырда Бөкей Ордасы ауданында жедел-іздестіру шаралары кезінде 366 дана киік мүйізін өткізбек болған тағы бір жергілікті тұрғын қолға түсті. Қазір Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу алды амалдары басталды. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылып, бар жиған-тергені тәркіленеді.
Болатбек Белгібеков, БҚО ПД ресми өкілі:
- Киік мүйіздерін сату кезінде 1991 жылы туған жергілікті тұрғын ұсталып, 366 дана киік мүйізі мен Volkswagen автокөлігі тәркіленді. Қазіргі уақытта ұсталған тұлғалардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.