+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қызылордадағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 201 адам медициналық көмекке жүгінген

  • Категория: Оқиға
Қызылордадағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 201 адам медициналық көмекке жүгінген

Қазір олардың 50 шақтысы ауруханада жатыр.

Бұзақылармен болған қақтығыста 23 полиция қызметкері жарақат алды. Облыс орталығында антитеррорлық операция жалғасып жатыр. Осы уақыт аралығында қанша бүлікші ұсталды? Оларға қандай жаза қарастырылған?

Қызылорда облысында 225 бүлікші ұсталып, 50-не қатысты қылмыс іс қозғалды. Коменданттық режим бойынша түнгі сағат 23:00-де «Арлан», «Барыс» ауыр әскери техникасымен жарақталған арнайы топ әуежай маңындағы елді мекендерді аралап шықты.

Сондай-ақ саяжайларды түгел тексеріп өтті. Бүлікшілер жасырынуы мүмкін деген тоғай, су арналарын сүзіп шықты. Комендатура мәліметінше, облыс орталығында төтенше жағдай режимін бұзудың 9 дерегі тіркелген. Қала төңірегінде 5 блок бекет тәулік бойы жұмыс істеп тұр