Қостанайда 13 жастағы қызды жылан шақты
Аптап ыстықта табиғат аясына демалысқа шыққанда сақ болу керек. Қостанай облысында жылан шағып алған 13 жастағы қыз жансақтау бөліміне түскен. Оқыс оқиға өзен жағасында болған. Алғашқы медициналық көмек жедел көрсетілгенімен, оқушы бір тәуліктен соң ауруханаға жатқызылды. Қазір жағдайы тұрақты, жансақтау бөлімінен шығарылды. Зоологтардың айтуынша, улы сұр жылан өңірдің кез келген аумағында кездеседі. Сондықтан табиғат аясында абай болған жөн.
Игорь Белобржицкий, облыстық балалар ауруханасы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі:
-Жасөспірімнің қолы, иығы мен кеуде тұсы ісіп кеткен. Ауруханаға түскенде жағдайы ауыр болды. Себеб қыз баланың денесіне жылан уы тарап кеткен. Ем-дом шараларынан соң, жағдайы жақсарып келеді. Қазір өз бетінше қозғала алады.