Түркиядағы жол апатынан тағы бір отандасымыз көз жұмды
Аланияда қыркүйектің басында болған жол апатынан қаза тапқандардың саны үшке жетті. Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, қыркүйектің 3 күнгі жол апатына опат болған атыраулық журналист Арайлым Бақытжанның күйеуі жансақтау бөлімінде көз жұмған.
Бұған дейін осы жол апатында ерлі- зайыптың 2 жасар қызы қаза болған еді. Отбасының қаза тапқан үш мүшесінің денесі Қазақстанға жөнелтіледі.
Акетейік, ерлі-зайыптылардың артында 2014 жылы туған ұлы қалды, ол да жол апатынан зардап шекті. Денсаулығы тұрақты. Жеткіншек Қазақстандағы туыстарына тапсырылды.
Еске салайық, жол апаты Аланияда сафари көлігінің туристтерді тасымалдау барысында жүргізушінің жол ережесін бұзғандығы үшін болған. Салдарынан 4 кісі қаза тапты. Оның 3 Қазақстан, 1 Ресей азаматы. Ал зардап шеккен 17 адамның 6 түрік, 7 Израиль, 2 Ресей және 2 Қазақстан азаматы екені белгілі болды.