Қостанайдағы жарылыс: 7 адам үйінді астында қалды
Қостанайдағы техникалық қызмет көрсету станциясында жарылыс болып, 7 адам үйінді астында қалды. Оқиға түскі уақыт шамасында тіркелді. Жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ғимаратта газ-ауа қоспасы жиналып, жарылған. Соңғы ақпарат бойынша, құтқарушылар қиранды астынан төртінші адамның денесін алып шықты. Тағы екі адам қалды. Оқиға орнында болған 11 адам ауруханаға жатқызылды. Қатты аяз іздеу жұмыстарына кедергі келтіріп жатыр. Мамандар құтқару жұмыстарын күшейтіп, 200-ге жуық маман жұмылдырылған. Жедел штаб құрылды.
Қайрат Қасым, облыстық ТЖД бастығы:
-Қазіргі уақытта төртінші адамның денесін таптық. Инженерлік техникамен плиталарды біртіндеп көтеріп жатырмыз. Жұмыс өте ауыр. Аса сақтықты қажет етеді. Өйткені нысан иесінің айтуынша, үйінді астында тағы екі адам болуы мүмкін. Әрине олардың тірі қалғанын тілейміз. Мұндай температурада жұмыс істеу өте қиын.