Хабар телеарнасы

Германияда Қазақстан азаматы жоғалып кетті

5 маусым күні еліміздің Франкфурт қаласындағы Бас консулдығына Қазақстан азаматтарынан қызы жоғалғаны туралы арыз түскен. Бас консулдық бұл оқиғаны ерекше бақылауға алды. Дипломаттар полицияға хабарласып, «қазір жедел іздестіру жұмыстары басталып кетті»,-деді Сыртқы Істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Хабар-ошарсыз кеткен келіншек бұрын елімізде судья қызметін атқарған. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:
- Қазіргі таңда неміс тарапына арнайы хат жолданды. Бұл істі жеке бақылауға алу туралы және барлық қолғабыс көрсету туралы. Жақын арада неміс тарапымен бірлесіп, туыстарына виза алуға көмектесуге жұмыс жүргізіп жатырмыз.