Хабар телеарнасы

«Алматы-Екатеринбург» тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Ақсу-Аюлы кентінен 5 шақырым жерде жеңіл көлік автобуспен соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі және екі жолаушысы көз жұмды. Бұған қоса осы көліктегі тағы үш жолаушы мен автобус жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жағдайлары қалыпты. Жол апаты кезінде жолаушылар көлігінде 51 адам болған. «Алматы-Екатеринбург» тас жолымен тәулігіне 33 мың көлік қатынайды. Соңғы кездері жол апаты жиілеген. Соңғы 6 айда бұл жолда 50-ден астам апат болып, 34 адам көз жұмған.

Жасқайрат Қайыров, облыстық ПД басшысының бірінші орынбасары:
-Сол автокөліктерді «CHERY TIGGO» және автобусты оның алдында біздің патрульдік полиция тоқтатып, профилактикалық әңгімелер өткізілген. «Алматы-Екатеринбург» трассасы бойынша нарядтар күшейтілді. Қазір 25 автокөлік қызмет жасайды. Бұрын 15 мамырға дейін 12 автокөлік жүргентін.