Хабар телеарнасы

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында арнайы комиссия тексеріс жүргізіп жатыр

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында арнайы комиссия тексеріс жүргізіп жатыр. Оның құрамында мемлекеттік инспекторлар, өндірістік қауіпсіздік және төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мен құқық қорғау органдарының мамандары бар. Естеріңізге салайық, 20-шы шілде күні зауытта төтенше жағдай болып, сегіз адам зардап шекті. алтауы жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары өте ауыр. Оларға медициналық көмек көрсету үшін Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының мамандары Астанадан арнайы барған. Бұдан бөлек, Түркия, Израиль дәрігерлерімен онлайн кеңес ұйымдастырып жатыр. Зауыттағы төтенше жағдайдан кейін қылмыстық іс қозғалды.

Мұрат Қаракекілов, облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:

- Бірінші күннен бастап, сенбі күнінен,  комиссия жұмыс істеп жатыр. Көрген адамдарға  сұрақтар жүргізіліп жатыр, орны тексерілді болған жағдайдың, техникалық құжаттары алынды. Аттестация өткізгені жөнінде құжаттары алынды, олардың барлығы қазір сараптамаға беріліп жатыр. Сол заңда берілген 10 күн үшінде сіздерге толық мәлімет береміз деп ойлаймын.