Хабар телеарнасы

Қарағандыда дарынды жастар марапатталды

Қарағандыда республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жеңімпаздары марапатталды. Биыл оқушылар әсіресе математика және физика пәндері бойынша ерекше жетістікке жеткен. Дарынды жастарға қаржылай қолдау көрсетілді.

Әйгерім Бекзатқызы физика пәнін сүйіп оқиды. Ол облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегері. Әйгерімнің «күн ұяшықтары» деп аталатын жобасы ерекше. Дарынды жас қоршаған ортаға зиянсыз, баламалы энергия алудың тың әдісін ойлап тапқан.

Әйгерім Бекзатқызы, «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы:

- Күн ұяшықтары дегеніміз жарықтан, күннен келетін энергияны түрлендіретін құрылғы. Үйді, не болмаса қоғамдық орынды жарықтандыруға келеді. Бізде қазіргі кезде дәстүрлі энергетиканы пайдаланатындықтан экологиямызға өте үлкен зиян келуде.

Бүгін өңірдегі осындай  республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобаларадың жеңімпаздары бас қосты.  Биыл облыс бойынша 58 оқушы білім додаларында көш бастаған. Оларды өңір басшысы арнайы құттықтады.

Ермағанбет Бөлекбаев, Қарағанды облысының әкімі:

- Сіздерді мынау үлкен еңбек жасап, білімдеріңізді көрсетіп олимпидаларда жеңімпаз атандыңыздар. Ол үлкен еңбектің арқасы. Біз болшағымыз жақсы, мығым деп ойлаймыз.  

Іс-шара барысында 36 халықаралық және республикалық олимпиадалардың жүлдегері, 20 астам ғылыми жоба жеңімпазы және олардың жетекшілері марапатталды.

Нұркен Ашықбаев  «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының басшысы:

- Осы жеңімпаз балаларға біз жыл сайын мотивация болсын деп қаржылай сыйақы береміз. Біз бұл сыйақыны екі есеге ұлғайттық. Кейбір ерекшеленген балаларға ЖОО-на түсуге грант беріледі.

Биыл бірінші рет өңірдегі ауыл мектептерінің оқушылары үшін облыстық олимпиада өткізілді. «Бұл шалғайдағы дарынды жастарды анықтауға негіз болады»,- дейді білім жанашырлары.

Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар